Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

ҚР Президенті ғарышкер Алексей Леоновтың қайтыс болуына орай көңіл айтты

2019 жылдың 12 қазан 2019 12:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және өзінің атынан ұшқыш-ғарышкер, Кеңес Одағының екі дүркін батыры Алексей Леоновтың қайтыс болуына байланысты қайғыра көңіл айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Алексей Архипович өз ісінің нағыз шебері, әлемдік космонавтикада аты аңызға айналған тұлға еді. Ол Байқоңыр айлағынан ұшып, адамзат тарихында тұңғыш ашық ғарышқа шықты. Батыр Леонов ұлы мақсатқа жету жолында өз өмірін тәуекелге тігіп, бұған дейін өзгелердің қолынан келмеген ерлік жасады»,– делінген жеделхатта.

Тарихта ашық ғарышқа тұңғыш шыққан адам, екі мәрте Кеңес Одағының батыры Алексей Леонов 86 жасында көз жұмғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.
Жоғары қарай