Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 377.86
EUR 418.74
RUB 6.10
CNY 54.50

ҚР Президенті Қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясының төрағасымен кездесті

2019 жылдың 6 желтоқсан 2019 15:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Берлинде ресми сапармен жүрген Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясының төрағасы Вольфганг Ишингермен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Германия басшылығымен жүргізілген келіссөздердің нәтижелеріне тоқталып, Қазақстан нарығына неміс бизнесін, технологиясы мен инвестициясын тартудың маңыздылығы жөнінде айтты.




Вольфганг Ишингер келесі жылы өтетін кезекті Мюнхен конференциясына дайындық барысы туралы мәлімет беріп, Қазақстан Президентін аталған беделді жиынға қатысуға шақырды.

Сонымен қатар тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.




Жоғары қарай