Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

ҚР Президенті: Қазақ-түрік қатынастары достық, өзара түсіністік рухында дамып келеді

2019 жылдың 24 мамыр 2019 17:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглуды қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы қазақ-түрік қатынастарының достық, өзара түсіністік пен ынтымақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

- Тарихи тамыры терең қатынастарымыз өте жақсы. Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қарым-қатынасты нығайтуға өзінің зор үлесін қосты. Бүгінде елдеріміз арасындағы тауар айналымы 2 миллиард долларға жуықтады. Қазақстан нарығында көптеген түрік компаниялары табысты еңбек етуде. Халықаралық күн тәртібіндегі ауқымды мәселелерге, атап айтқанда көпжақты ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылдарға қатысты пікірлеріміз ортақ, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

М.Чавушоглу Қазақстан Президентіне алғыс айтып, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің конструктивті сипатын атап өтті.

Жоғары қарай