Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

ҚР Президенті саясатқа қатысты бұрын айтылмай жүрген мәселені қозғады – Берік Әбдіғалиұлы

2019 жылдың 2 қыркүйек 2019 18:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саясатқа қатысты бұрын айта алмай жүрген мәселені қозғады.

Мұндай пікірді «Киелі Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Берік Әбідғалиұлы білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президенттің алғашқы Жолдауы болғаннан кейін елдің арасында қызығушылық жоғары болды. Екінші Президентіміздің халыққа Жолдауын үлкен үмітпен, сеніммен қарадық. Сенім ақталды. Біраз мәселе көтерілді. Соның ішінде саясатқа қатысты нақты-нақты мәселелер, саяси реформаларды ілгерілету, дамыту мәселесі қозғалды. Бүгінгі күні саяси модернизация жасалмай экономика дамымайды деген тезисті айтты. Бұл бұрын біз айта алмай жүрген мәселе еді», - деді Берік Әбдіғалиұлы Мемлекет басшысының Жолдауына орай пікір білдіре келе.

Оның атап өтуінше, еліміздің экономикасы дамыды. Дегенмен, оның мұнан ары қарай дами түсуі саясатқа, әлеуметтік мәселелерге тіреліп тұр.

«Бізде «тиімді мемлекет» принципі жұмыс істеуі керек. Ал ол тиімді жұмыс істеуі үшін сайлау болуы қажет. Лайықты, елдің арасында беделді азаматтар көшеге шеруге шықпауы керек. Олар Парламентте, мәслихатта отыруы керек. Сол жерден мәселелерді көтеруі тиіс. Сонда елдің билікке деген сенімі артады. Жолдауда осы жайында да айтылды. Бұл үлкен саяси қадам. Енді осыны ары қарай ілгерілетіп, қоғам болып қолдау көрсету - біздің алдымызда тұрған парызымыз, міндетіміз», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамды мазалаған негізгі мәселелер көшелерде емес, азаматтық диалог аясында Парламентте шешілуі тиістігін айтқан еді.


Жоғары қарай