Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

ҚР Президенті Талғат Донақовты қабылдады

2019 жылдың 9 шілде 2019 18:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысына Жоғары Сот Кеңесінің биылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмысының қорытындысы және судьяларды іріктеу жүйесін жаңғырту бойынша қабылданған шаралар туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесін одан әрі жетілдіруді қамтамасыз ету және судьяларды іріктеу тетігін қатаңдатуға бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеу қажеттігін айтты.

Басты сөздер: Қазақстан Президенті,
Жоғары қарай