Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

ҚР Президенті: Ұлттық буржуазияны қолдаймын

2019 жылдың 24 мамыр 2019 16:51 734

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық буржуазияны жеке өзім қолдаймын. ҚР Президенті қасым-Жомарт Тоқаев twitter-дегі парақшасына осылай деп жазды.

«Ұлттық инвесторлар Кеңесінің отырысын өткіздім. Жайлы іскерлік орта қалыптастыру, бизнесті тиімді қолдау және бәсекелестікті қорғау мәселелері бойынша бірқатар міндеттер белгіледім. Ұлттық буржуазияны жеке өзім қолдаймын»,-делінген желіде.

Сонымен қатар Президент  парақшасында Үкіметке «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, барлық бағдарламалар бойынша мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігіне жүйелі талдау жүргізуді тапсырғандығын жазды.

«1 қазанға дейін бизнестің екі жақты міндеттемелерін ескеретін мемлекеттік қолдаудың жаңа әдістерін әзірлеу керек»,-деп жазды Мемлекет басшысы. 

 

 

Жоғары қарай