Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 380.84
EUR 419.50
RUB 6.05
CNY 54.90

ҚР Президенті: Жошы ханның есімін ұлықтауды міндетті түрде қолға алу қажет

2019 жылдың 24 тамыз 2019 12:46

ҰЛЫТАУ. ҚазАқпарат - Жошы ханның есімін ұлықтауды міндетті түрде қолға алуымыз қажет. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында өтіп жатқан «Ұлытау – 2019» Халықаралық туристік форумында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.

«Біз Алтын орданың негізін қалаған Жошы ханның есімін ұлықтауды міндетті түрде қолға алуымыз қажет. Оның тарихи тұлғасына әлемнің назарын аударып, кесенесін мәдени туризм нысанына айналдыру – өте маңызды міндет»,-деді Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Ұлы ханның үлкен ұлы – Жошының мазары қазақ жерінде тұрғанын бүгінде еліміздегі және шетелдегі жұртшылықтың көбі біле бермейтіндігін, ата-бабалардың аманатына адал болу – бізге сын екендігін атап өтті.

Жоғары қарай