Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 35 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

ҚР Президентінің Жарлығымен Алматы, Шымкент қалалары мен бірқатар облыс әкімдері тағайындалды

2019 жылдың 17 маусым 2019 18:57 2355

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тағайындалды, деп хабардайды Ақорда.

***

Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының  4-тармағына  сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мыналар:

Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек -  Алматы қаласының әкімі;

Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов - Шымкент қаласының әкімі;

Ермек Боранбайұлы Маржықпаев -  Ақмола облысының әкімі;

Оңдасын Сейілұлы Оразалин  -  Ақтөбе облысының әкімі;

Амандық Ғаббасұлы Баталов  -  Алматы облысының әкімі;

Нұрлан Асқарұлы Ноғаев  -  Атырау облысының әкімі;

Асқар Исабекұлы Мырзахметов  -  Жамбыл облысының әкімі;

Ерлан Жақанұлы Қошанов  -  Қарағанды облысының әкімі;

Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов  -  Қостанай облысының әкімі;

Қырымбек Елеуұлы Көшербаев  -  Қызылорда облысының әкімі;

Болат Жұмабекұлы Бақауов  -  Павлодар облысының әкімі;

Құмар Іргебайұлы Ақсақалов  -  Солтүстік Қазақстан облысының әкімі;

Өмірзақ Естайұлы Шөкеев  -  Түркістан облысының әкімі;

Даниал Кенжетайұлы Ахметов  -  Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

                Президенті                                                                                  Қ.Тоқаев

 

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы  17  маусым

 

                                №  22

 

 

Жоғары қарай