Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды тұғырнамасын жария етті

2019 жылдың 12 мамыр 2019 12:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің ресми сайтында сайлауалды тұғырнамасын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тұғырнама «Баршаға ортақ игілік! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» деп аталады.

Аталмыш құжатта Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс сайлауда жеңіске жетіп, Мемлекет басшысы болған жағдайда қандай саясат ұстанып, елде қандай реформалар жүргізетіндігі жөніндегі мәліметтер көрініс тапқан. Бағдарламада елдің ішкі және сыртқы саясатына, сондай-ақ экономика және әлеуметтік саласына қатысты мәселелер толық қамтылған.

Тұғырнама Сабақтастық, Әділдік, Өрлеу атты үш бағыттан тұрады.

Айта кетейік, ҚР кезектен тыс Президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымына тағайындалған.

Кеше кешкі сағат 18:00-ден кейін Қазақстанда сайлау алдындағы үгіт-насихат шаралары басталды.

Автор Айдар Оспаналиев
Басты сөздер: Сайлау 2019, Сайлау,
Жоғары қарай