Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 385.16
EUR 425.95
RUB 6.01
CNY 54.51

ҚР СІМ АҚШ-тың ракеталарды жою шартынан шығуына байланысты мәлімдеме жасады

2019 жылдың 4 тамыз 2019 17:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер минстрлігі Орташа және кіші қашықтықтағы ракеталарды жою туралы шартқа қатысты мәлімдеме жасады.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Америка Құрама Штаттарының, халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ең маңызды факторларының бірі болып саналатын – Орта және кіші қашықтықтағы ракеталарды жою туралы шарттан шығу туралы шешіміне байланысты алаңдаушылығын білдіреді. Оны денонсациялау жаңа жанталаса қарулануға әкелуі және жаһандық ауқымда ауыр салдары болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы барлық тараптармен Шарттың сақталуын және мүлтіксіз орындалуын әрқашан қолдау көрсетіп, сондай-ақ ядролық қаруды тасымалдау құралдарының бүтін тобын жоюға және Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың IV бабына сәйкес ядролық қарусыздануда елеулі прогреске қол жеткізуге мүмкіндік берген Шарттың бірегей тарихи келісім ретінде бұлжымас құндылығын растайды.

«Қазақстан қолдағы екіжақты және көпжақты тетіктердің шеңберінде сындарлы келіссөздер арқылы бар мәселелерді шешу үшін тараптар барлық қажетті күш-жігер салады деген үміт артады»-делінген министрліктің мәлімдемесінде.

Жоғары қарай