Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

ҚР СІМ баласын шетелге жіберетін ата-аналарға ескерту жасады

2019 жылдың 11 қараша 2019 16:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Баласын шетелге оқуға жіберетін ата-аналар келісімшартты тыңғылықты тексерулері қажет. Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балаларын шетелдің жоғары оқу орындарына немесе қысқа мерзімді курстарға оқуға жіберетін ата-аналарға компаниялар ұсынатын келісімшарттарды тыңғылықты тексеріп, мұқият оқу қажеттігін ескертеміз. Кейбір компаниялар өздерінің шарттарын орындамай жатады. Не болмаса бала шетелге келгеннен кейін олар сол шарттарды өзгертіп жібереді. Балаларыңызды жіберіп жатқаннан кейін барынша мұқият болыңыздар», - деді Айбек Смадияров.

Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: ҚР СІМ, Қоғам,
Жоғары қарай