Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 385.42
EUR 424.58
RUB 6.00
CNY 54.31

ҚР Тұңғыш Президенті: Әлі күнге дейін фракция – күш екенін білмейміз

2019 жылдың 21 тамыз 2019 13:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұрлан Нығматулин «Nur Otan» партиясының Мәжілістегі фракциясының жұмысын күшейте алады. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз әлі де болса ескіше жұмыс істеп келеміз. Бізде фракция түсінігі күлкілі болып көрінеді. Қай кезде болды? Фракция дегенді біз көргеніміз де жоқ. Әлі күнге дейін фракция – бұл күш екенін білмейміз. Көп жағдайда сол айқындайды. Фракция Премьер-Министр кандидатурасын айқындады. Жаңа заңға сәйкес министрлерді де өткізуі тиіс. Неге бірде-біреуін қабылдамай қоймады? Неге жұмысқа ұқыпсыздығы үшін лауазымынан алып тастауды ұсынбады?», - деді Елбасы.

Қазақстан Тұңғыш Президентінің пайымынша, фракция мықты болуы тиіс. Сонда ғана оның беделі жоғары болады.

«Исімбаева (ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Nur Otan» партиясы франкциясының жетекшісі Гүлмира Исімбаева) басқаратын бүгінгі фракция жаман жұмыс істеп жатқан жоқ. Бірақ, әлемнің басқа елдерінде бар ережеге арқа сүйей отырып, біздің Мәжілістегі фракциямыздың жетекшісі лауазымына Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің кандитатурасын ұсынамын, егер ол қарсы болмаса. Ол партия жұмысын күшейтіп, Мәжіліс спикері ретінде фракция жұмысын жұмылдыра алатындығына сенімдімін», - деді Н.Назарбаев.

Жоғары қарай