Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 384.39
EUR 431.71
RUB 6.11
CNY 55.88

ҚР ҰҚК: Қазақстанның кеден бекеттеріндегі қылмыстар бойынша 20 адам күдікке ілінді

2019 жылдың 28 мамыр 2019 11:30 814

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Нұр Жол», «Қалжат» (Алматы облысы) және «Б. Қонысбаев атындағы» (Түркістан облысы) кеден бекеттерінің кедендік, фитосанитарлық, ветеринарлық және көліктік бақылау қызметкерлеріне қатысты істі тергеумен айналысуда. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

20-дан аса қызметкер ҚХР-дан Өзбекстан Республикасына тауарды кедергісіз тасымалдауды ұйымдастыру үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды қорқытып-үркітіп, пара алған деп күдікке ілінді.   

Жүргізілген тінтулер барысында ірі мөлшерде қылмыстық жолмен алынған шетел және ұлттық валюта түріндегі   қаражат тәркіленді.

Қазіргі уақытта 3 күдікті сот санкциясымен қамауға алынды, қалған іс фигуранттары кінәсін толық мойындауына байланысты, оларға қатысты бас бостандығынан айырмайтын бұлтартпау шаралары қолға алынды.    

 

 

 

Жоғары қарай