Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Круиздік лайнердің бортында коронавирус жұқтырғандар саны 355 адамға жетті

2020 жылдың 17 ақпан 2020 10:02

ТОКИО. ҚазАқпарат – Жапония үкіметі Токиоға жақын жерде карантинде жатқан The Diamond Princess круиздік лайнерінің экипаж мүшелері мен жолаушылары арасында коронавирус жұқтырғандар саны 355 адамға жеткенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сондай-ақ, елдің ішінде де коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді. Сарапшылар жағдайдың ушығуы мүмкін екенін ескертіп жатыр.

Денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі ауру жұқтырған 70 жолаушының 38-інің қызуы көтерілмегенін және жөтелмегенін хабарлады. Кемеде барлығы 1219 адам анализ тапсырған. Қазіргі уақытта кемеде 3400 жолаушы мен экипаж мүшелері бар, деп хабарлайды Kyodo.

АҚШ үкіметіне қарасты екі ұшақ кеменің бортындағы 400 АҚШ азаматын эвакуациялау үшін Жапонияға ұшып келуі тиіс. Канада, Гонконг және Израиль Жапонияға кемедегі өз азаматтарын эвакуациялау үшін чартерлік рейс жіберуге дайындалып жатқанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, Жапония кеше кешкісін індеттің ошағына айналған Ухань қаласынан өз азаматтарын эвакуациялау үшін бесінші чартерлік рейсті жіберді. 700-ден астам адам елге оралған.


Жоғары қарай