Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Ксения Панкратованың ізімен: Ресейлік олимпиада чемпионы Байкалда сырғанады

2019 жылдың 11 наурыз 2019 15:25

АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Ресейлік Олимпиада чемпионы Аделина Сотникова алматылық мәнерлеп сырғанаушы Ксения Панкратованың өнерін қайталады. Ол Байкал көлінде сырғанап, видеосын Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақпанның соңында жарияланған бұл ролик 117 мың рет қаралған.

«Көп адамдар Байкалға келуді неге армандайтынын түсіндім. Қызара батқан күнге қарап отыру үлкен бақыт. Иркутскіге көшіп келсем бе екен», - деп жазады сырғанаушы.

Мұның алдында осындай ерекше өнерді қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Ксения Панкратова көрсеткен болатын.

Ол Үлкен Алматы көлінде сырғанап, миллиондаған адамның таңданысын туғызған еді.

«Көп адам сілтеме жіберіп жатыр. Сіздің жасағаныңызды қайталады деп. Ол керемет видео түсірген. Байкал көлі Ресейдің керемет сұлу көлдерінің бірі. Ол жақты қатты жел болғаны көрініп тұр. Мұндай сәтте мәнерлеп сырғанаудың күрделі элементтерін көрсету қиын. Сотникова Олимпиада чемпионы болғандықтан, ерекше өнер көрсетуі керек. Табиғи мұзда билеу спорттан гөрі шығармашылық өнерге жатады. Бұл видеоның флеш-мобқа айналып бара жатқанына қуаныштымын. Мұндай видео адамдарға табиғатқа басқа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді», - деді Ксения Панкратова.

Айта кету керек, 2018 жылдың қарашасында алматылық бойжеткен Ксения Панкратова Үлкен Алматы көлінде мәнерлеп сырғанап, видео түсірген болатын. Бұл видеоны аз күнде миллиондаған адам тамашалап, әлемге таралып кетті.

Кейін Ксенияны Ресей бірінші арнасының «Видели видео?» ток-шоуына қонаққа шақырды.

Одан соң Ксения Алматы туристік орталығымен бірге отырып, Көлсайдағы Қайыңды көлінің мұзында сырғанады әрі видео түсірді.

Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Спорт, Алматы, Видео,
Жоғары қарай