Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Құлсары қаласында электронды билет жүйесі енгізілді

2020 жылдың 19 ақпан 2020 10:28

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы шағын қала – Құлсарының қоғамдық көліктерінде электронды билет жүйесі енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалаішілік жолаушы тасымалымен айналысатын «Батыстехинвест» ЖШС-нің бас директоры Әуез Әбіләкімовтің хабарлауынша, енді қоғамдық көлік қызметін пайдаланған жолаушы жолақысын электронды карта арқылы төлей алады.

«Бұл – жергілікті әкімдікпен арада жасалған келісімшартқа сәйкес жүзеге асырылған жоба. Электронды картаны төрт санатқа бөлдік. Яғни, бірыңғай, жеңілдікті, әлеуметтік және оқушыға арналған түрлері бар. Жеңілдікті түрін жолақыны 50 пайыз мөлшерінде төлейтін зейнеткерлер пайдаланады. Автобуста тегін жүруге құқығы бар мүгедектер мен «Алтын алқа» иелері әлеуметтік картаны қолданады. Ал, мектеп жасындағы балаларға оқушыларға арналған түрі ұсынылып отыр», - дейді «Батыстехинвест» ЖШС-нің бас директоры Әуез Әбіләкімов.

Құлсары қаласының тұрғындары аталған серіктестік иелігіндегі қоғамдық көлік қозғалысын Qulsary Bus қосымшасы арқылы бақылай алады.

Автор: Жолдасбек Көшербайұлы


Басты сөздер: Атырау облысы, Қоғам, Көлік,
Жоғары қарай