Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Күрес түрлерінен ӘЧ: Алмат Кебіспаев қола медальді еншіледі

2019 жылдың 15 қыркүйек 2019 19:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Күрес түрлерінен елордада өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші медаль түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Грек-рим күресінен 63 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан Алмат Кебіспаев қола медаль үшін белдесуде қырғызстандық Тынар Шаршенбековпен белдесіп, қарсыласын 9:0 есебімен ойсырата ұтты. Осылайша Алмат күрес түрлерінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанып, Қазақстан қоржынына екінші медальді салды.

Естеріңізге сала кетейік, Алмат Кебіспаев әлем чемпионатының алғашқы күні жартылай финалында жапондық Ота Шинобуға есе жіберген болатын. Қазақстандық балуанның ежелгі қарсыласы бұл жолы да айласын асырып кетті. Ота Шинобу 2016 жылғы Рио Олимпиадасының 1/8 финалында тағы да Алматты жарыс жолынан тайдырған болатын.

Фото: olympic.kz
Автор Күнсұлтан Отарбай
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай