Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Күрес түрлерінен ӘЧ: Азамат Күстібаев алғашқы қарсыласын оңай жеңді

2019 жылдың 15 қыркүйек 2019 12:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда төрінде күрес түрлерінен әлем чемпионатының екінші жарыс күні басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін бозкілемге қазақстандық балуандар арасынан алғаш болып 87 келіде Азамат Күстібаев шықты. Ол алғашқы белдесуінде венесуэлалық қарсыласын 5:1 есебімен ұтып, келесі айналымға өтті.

Алайда, 67 келі салмақта ел намысын қорғаған тағы бір балуанымыз Мейіржан Шермаханбет америкалық Эллис Колиманға 10:2 есебімен есе жіберді. Енді америкалық балуан финалға дейін сүрінбей жетсе, онда Мейіржанның жұбаныш белдесуге шығуына мүмкіндігі бар.

Айта кетейік, бүгін елорда кілемінде грек-рим күресінен 67, 87 және 97 келі салмақ дәрежелері бойынша іріктеу жарыстры өтеді. Сондай-ақ, 55, 63, 72, 82 келі салмақ дәрежесінжегі жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 55 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан балуанымыз Қорлан Жақанша жартылай финалда 2018 жылғы әлем чемпионы, әзербайжандық Эльданиз Азизлиді жеңіп, финалға шыққанын жазған болатынбыз.

Жақанша бүгін алтын медаль үшін сынға түседі.


Автор Күнсұлтан Отарбай
Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай