Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Күрес түрлерінен ӘЧ: Ерұлан Ысқақов бірінші белдесуінде жеңіске жетті

2019 жылдың 15 қыркүйек 2019 14:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Күрес түрлерінен елордада өтіп жатқан әлем чемпионатында тағы бір балуанымыз алғашқы белдесуін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

97 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан қазақстандық Ерұлан Ысқақов 1/16 айналымда әзірбайжандық Орхан Нуриевті 2:1 есебімен жеңіп, жарысты ары қарай жалғастыру мүмкіндігіне ие болды.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, 87 келіде Азамат Күстібаев алғашқы белдесуінде венесуэлалық қарсыласын 5:1 есебімен ұтты. Ал 67 келі салмақта ел намысын қорғаған балуанымыз Мейіржан Шермаханбет америкалық Эллис Колиманға 10:2 есебімен жеңіліп қалған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатанды балуандар жүлделі орындармен қатар келесі жылы өтетін 2020 Токио олимпиадасына жолдамаларды да сарапқа салады.

Астанада спортшыларға 108 Олимпиадалық жолдама үлестіріледі. Жолдама 1-ден 6-орынға ие болған балуандарға беріледі. Біріншілік 22 қыркүйекке дейін жалғасады.


Автор Күнсұлтан Отарбай
Басты сөздер: Қоғам, Спорт,
Жоғары қарай