Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

Күрес түрлерінен ӘЧ: Нұрислам Санаев жартылай финалда сүрінді

2019 жылдың 19 қыркүйек 2019 18:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда төрінде күрес түрлерінен өтіп жатқан лицензиялық Әлем чемпионатында еркін күрестен Нұрислам Санаев жартылай финалда жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еркін күрестен 57 келіде ел намысын қорғап жатқан Нұрислам Санаев жартылай финалда түркиялық Сулейман Атлыдан ұтылып қалды. Енді ол тек қола медаль үшін ғана боз кілемге шығады.

Айта кетсек, Санаев осыған дейін ширек финалда колумбиялық Оскар Урбанодан айласын асырып, жартылай финалға өткен болатын. Сонымен қатар Токио Олимпиадасына жолдаманы да қоса жеңіп алды.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін 65 келі салмақта еркін күрестен Дәулет Ниязбеков күрес түрлерінен 2019 жылғы әлем чемпионатының финалына шыққан болатын.


Автор Күнсұлтан Отарбай
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай