Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Күрестен ӘЧ: Дәулет Ниязбеков күміс медаль иегері атанды

2019 жылдың 20 қыркүйек 2019 20:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда төрінде күрес түрлерінен өтіп жатқан лицензиялық әлем чемпионатында еркін күрестен қазақстандық балуан Дәулет Ниязбеков күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

65 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Ниязбеков бүгін финалда Ресей балуаны Гаджымурат Рашидовтан жеңіліп қалды. Рашидов жерлесімізді 11:0 есебімен ұтып, таза жеңіске қол жеткізді. Осылайша, бүгінде 20 жыл күткен сап «алтын» қазақ балуандарына ұстатпай кетті. Алайда, Дәулет жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көріне алмаса да, қоржынында Токио 2020 Олимпиадасының жолдамасы мен күміс жүлдесі бар.

Енді ертең тағы бір балуанымыздың жолына үмітпен қараймыз. Бүгін еркін күрестен 70 келі салмақ дәрежесінде отандасымыз Нұрғожа Қайпанов финалға шыққан болатын.


Фото: olympic.kz

Автор Күнсұлтан Отарбай
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай