Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Күрестен ӘЧ: Нұрғожа Қайпанов «алтынға» таласады

2019 жылдың 21 қыркүйек 2019 12:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда төрінде күрес түрлерінен өтіп жатқан лицензиялық Әлем чемпионатының аяқталуына жақын қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеше, әйелдер күресінен 62, 68 келі, еркін күрестен 57 және 65 келі салмақта жеңімпаздар анықталды. Сондай-ақ, 70, 74, 92 және 125 келіде финалистер есімі белгілі болды.

Қазақ спортының жанкүйерлері үшін күрес түрлерінен әлем чемпионатының жетінші жарыс күні қызығымен бірге «әттеген-айы» мен де есте қалды.

Айталық, кеше 65 келі салмақта бас жүлдеден басты үміткер болған тәжірибелі балуанымыз дәулет Ниязбеков финалда белдесіп, 20 жыл күткен алтынды уысынан шығарып алды. Осылайша күміске қол жеткізсе, Нұрислам Санаев қоланы ел қоржынына салды.

Кеше, сондай-ақ, еркін күрестен 70 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан тағы бір балуанымыз Нұрғожа Қайпанов жартылай финалда ирандық балуан Йонес Эмамичогайды 7:6 есебімен ұтып, алтын финалға шықты. Енді ол бүгін алтын медаль үшін белдеседі. Кеше 74 келідегі тағы бір балуанымыз Данияр Қайсанов жұбаныш белдесуіне қатысуға мүмкіндік алды. Енді ол бүгін қола медальға таласады.

Күрес түрлерінен әлем чемпионатының 21 қыркүйек күнгі жарыс кестесі:

11.00 – 16.00 – еркін күрестен 61, 79, 86 және 97 келі салмақ дәрежесіндегі іріктеу айналымы;

11.00-16.00 - еркін күрестен 70, 74, 92 және 125 келі салмақ дәрежесіндегі жұбаныш белдесулері;

16.45 -17.45 - еркін күрестен 61, 79, 86 және 97 келі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалдық бәсекелер;

18.00-21.00 - еркін күрестен 70, 74, 92, 125 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық белдесулер және марапаттау рәсімі.


Автор Күнсұлтан Отарбай
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай