Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Күрестен әлем чемпионатын әлемнің 104 елі тамашалайды

2019 жылдың 12 қыркүйек 2019 16:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы күрестің 4 түрінен өтетін әлем чемпионатын әлемнің 104 елі тамашалайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

14-22 қыркүйек күндері елордада күрестің 4 түрінен әлем чемпионаты өтеді. ҚР еркін күрес федерациясының вице-президенті Ерлан Қожасбайдың айтуынша, бәсекені әлемнің әр түкпірінен 800 млн-ға жуық адам тамашалауға мүмкіндік жасалған

«Бұл чемипионатта грек-рим, еркін және әйелдер күресінен бөлек тұңғыш рет грэплингтен әлем чемпионаты өтеді. Нұр-Сұлтанда тұңғыш рет өтетін біріншіліктен «Qazsport» телеарнасы арқылы 104 елге сигнал таратады. Сонда 700-800 млн адам көгілдір экран арқылы көрермен болады»», - деді Ерлан Қожасбай.

Ал «Qazsport» телеарнасының директоры Павел Цыбулин бұл чемипонатты көрсету құқығын 8 мемлекет сатып алғанын айтты.

«Qazsport» телеарнасы чемпонатты тұтастай тікелей эфирде көрсетеді деуге болады. Біз таратқан сигнал бойынша Жапония, Иран, Ресей, Финляндия бастаған сегіз ел тарату құқығын сатып алды. Бүкіл қазақстандық балуандардың күресін тікелей береміз деген жоспар бар», - деді Павел Цыбулин.


Жоғары қарай