Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Күрестен әлем чемпионатындағы алғашқы қарсыластарымыз белгілі болды

2019 жылдың 13 қыркүйек 2019 19:54

НҰРСҰЛТАН. ҚазАқпарат- Күрес түрлерінен елорда төрінде жалауы желбірейтін әлем чемпионатында грек-рим күресінен сынға түсетін балуандарымыздың алғашқы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін әлем чемпионаты алдында грек-рим күресінің жеребесі тартылды. Ж еребе тарту қорытындысына сәйкес, 55, 63, 72 және 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі балуандардың қарсыластары белгілі болды.

Қазақстандық Қорлан Жаханша (55 келі) бірінші айналымда алжирлік Абдилькарим Фергатпен кездеседі. Ал күресті 1/8 финалынан бастайтын Алмат Кебісбаев (63 келі) болса, индиялық Сагара Сагарнимен белдеседі. Демеу Жадраевтың (72 кг) алғашқы қарсыласы - Палау мемлекетінің спортшысы Джарвиюс-Садам Блесам Тарконг. Сондай-ақ іріктеу кезеңінде Мақсат Ережепов (82 келі) жапониялық Юа Окажимамен күреседі.

Естеріңізге сала кетейік, 14 қыркүйек күні Нұр-Сұлтанда күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтетінін жазған болатынбыз. Әлем чемпионатына әлемнің 100-ден астам елінен ең мықты апайтөс балуандар қатысады. Олар жүлделі орындармен қатар 2020 Токио олимпиадасының жолдамасын сарапқа салады

Автор Күнсұлтан Отарбай
Басты сөздер: Қазақ күресі, Спорт,
Жоғары қарай