Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Қырғызстанда Қазақстан Елшілігі қызметкеріне қатысты оқиғаның мән-жайы тексерілуде – ҚР СІМ

2020 жылдың 11 қаңтар 2020 17:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қырғызстанда Қазақстан Елшілігі қызметкерінің қатысуымен болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы 10 қаңтарда мемлекеттік шекараның «Ақ жол» - «Қордай» бақылау-өткізу пунктіндегі Қырғызстан жағында Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Елшілігінің әкімшілік-техникалық қызметкерінің қатысуымен оқиға орын алғанын растаймыз. Қазіргі уақытта қырғыз тарапымен бірлесіп осы оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде», - деп нақтылады ҚР СІМ баспасөз қызметі.


Жоғары қарай