Ауа райы
Астана -24 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Қыркүйекте қазақстандықтар қандай мерекелерді атап өтеді

2019 жылдың 22 тамыз 2019 17:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының азаматтары қыркүйек айында сегіз кәсіби мерекені атап өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қыркүйектегі күнтізбеде сегіз кәсіби және басқа да мерекелер бар:

Білім күні – 1 қыркүйек (биыл жексенбіге тура келіп тұр);

Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні – қыркүйектің бірінші жексенбісі (1 қыркүйек);

Отбасы күні – қыркүйектің екінші жексенбісі (8 қыркүйек);

Қазақстан халқының тілдер күні – қыркүйектің үшінші жексенбісі (15 қыркүйек);

Атом саласы қызметкерлері күні – 28 қыркүйек (сенбі);

Машина жасаушылар күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі (29 қыркүйекке дөп келіп тұр);

Еңбек күні - қыркүйектің соңғы жексенбісі (29 қыркүйек);

Әділет органдары қызметкерлерінің күні - 30 қыркүйек (дүйсенбі).

Айта кетейік, кәсіби және ұлттық және мемлекеттік мереке мәртебесін алмаған басқа мерекелерді азаматтардың кей санаттары атап өтеді. Яғни, аталған мереке күндері, егер әдеткі демалыс күндеріне (сенбі, жексенбі) тура келмесе, Қазақстанда демалыс күні болып саналмайды.

Автор: Асхат Ахметбеков

Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай