Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Қытай азаматы «Нұр-Сұлтан-Алматы» әуе рейсінде шу шығарды

2019 жылдың 27 наурыз 2019 16:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Нұр-Сұлтан-Алматы» рейсінде шу шығарған қытайлық азамат ұшақтан түсірілді. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Анықталғандай, елорда әуежайында орналасқан желілік полиция бөлімшесіне «Эйр-Астана» компаниясының өкілінен «Нұр-Сұлтан-Алматы» рейсінің ұшақ бортында тәртіп бұзған ер адам туралы хабарлама түскен.

«Көлік полициясы тексеру барысында Қытай Халық Республикасының 40 жастағы азаматын анықтады. Ер адам мас күйінде өзін дөрекі ұстап, бортсеріктердің ескертуіне құлақ аспаған. Жолаушылардың мазасын алған. Мән-жайды анықтау үшін жолаушы рейстен түсірілді», - делінген ақпаратта.

Құқықбұзушының үстінен ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 440-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 айлық есептік көрсеткіш (12625 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай