Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Қытайда 200 жазасын өтеуші коронавирус жұқтырған

2020 жылдың 21 ақпан 2020 11:01

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайдың шығысында Шаньдун провинциясының түзеу мекемесінде 200 жазасын өтеуші коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы жұма күні елдің Гигиена және денсаулық сақтар істері жөніндегі комитет басшысы Си Янь брифинг барысында мәлімдеді.

Шаньдун провинциясының түзеу мекемесінде вирустың өршуі салдарынан коронавирустың жаңа түрін жұқтырған 207 расталған жағдай анықталды. 207 ауру жұқтырған адамның жетеуі – түрме қызметкерлері.

Жалпы алғанда өткен тәулікте (20 ақпан сағат 24:00-дегі жағдай бойынша) материктік Қытайда коронавирус жұқтырған 889 жаңа жағдай анықталды, 118 адам көз жұмса, 2109 адам сауығып, ауруханадан шығарылды.

Соңғы мәліметтер бойынша ҚХР-да коронавирус жұқтырудың расталған жағдайларының жалпы саны - 75 465, 2236-сы — қаза тапса, сауығып, ауруханадан шығарылғандары – 18 264 адам. Қазіргі уақытта 120 мыңнан астам адам науқастармен тығыз байланыста болған, олар медициналық бақылауда.

Гонконгте ауру жұқтырудың 68 расталған жағдайы тіркелді, Макаода (Аомэнь) – 10, Тайваньда – 24.

Соңғы деректер бойынша, ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде (ШҰАӨ) үшінші күн қатарынан коронавирус ауруын жұқтырудың жаңа жағдайлары анықталған жоқ. Жалпы, Іле-қазақ автономиялық өлкесінде (ІҚАӨ) коронавирус ауруының 76 жағдайы тіркелген, оның ішінде ШҰАӨ-нің Іле-Қазақ автономиялық өлкесінде - 18, Үрімші қаласында – 23. Қазіргі уақытта Шыңжаңда 6 мыңнан астам адам медициналық бақылауда.

Автор:

Руслан Сулейменов


Басты сөздер: Қытай, Коронавирус,
Жоғары қарай