Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 447.67
EUR 491.36
RUB 5.74
CNY 63.07

Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

2020 жылдың 13 ақпан 2020 08:39

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Індеттің ошағы саналатын Хубэй провинциясында (Орталық Қытай) өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 14 840 адам тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хубэйдің гигиена және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі комитінің хабарлауынша, 12 ақпан сағат 24:00-дегі жағдай бойынша, Хубэй провинциясында коронавирус жұқтырған 14 840 адам тіркелді, 242 адам қаза тапты. Ауруханада 33 693 адам жатыр, соның ішінде 5 647 науқас ауыр халде.

Хубэй провинциясының билігі жаңа коронавирус жұқтырғандар санының бірден өсуін олардың қатарына жаңа әдіспен диагностика жасалған науқастар кіргенімен түсіндірді.

Бұл шаралар коронавирус жұқтырғандарды ертерек анықтап, оларды тезірек емдеуге бағытталған.

Соңғы деректер бойынша, Хубэй провинциясында жаңа коронавирус жұқтырғандар саны 48 мың адам, соның ішінде 1 310 адам көз жұмса, 3441 адам емделіп шықты.


Басты сөздер: Коронавирус, Әлем, Қытай,
Жоғары қарай