Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 384.06
EUR 429.19
RUB 6.08
CNY 55.83

Қытайда құлаған жартас туристер толы автобусты басып қалды

2019 жылдың 11 шілде 2019 23:59 619

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытайда  жартас сынықтары туристер мінген автобусты басып қалды. Қайғылы оқиға жергілікті уақытпен 14:00-де болды. Автобус Ченду қаласына бара жатқан, деп хабарлайды Синьхуа.

Оқыс оқиға салдарынан  кем дегенде 8 адам қаза тауып, 16-сы жарақаттанған.

Ішінде 28 турист пен екі жүргізуші  болған автобусқа  тау жолымен кетіп бара жатқан мезетте жоғарыдан жартас сынықтары құлаған. Келеңсіз жағдай елдің оңтүстік батысындағы Нгава-Тибет автономды округінде жергілікті уақытпен 14:00 шамасында  болған.

Автобус Сунгчу үезінен Чэнду қаласын бара жатқан. Полиция тергеу жұмыстарын бастады.

 

 

Басты сөздер: Оқиға, Қытай,
Жоғары қарай