Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Қытайда тараған пневмония Тайландқа жетті

2020 жылдың 22 қаңтар 2020 13:50

БАНГКОК. ҚазАқпарат – Сәрсенбі күні Тайландтың Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті тұрғындар арасында коронавирустың жаңа штаммын жұқтырған алғашқы жағдайды растады. Вирус Нахон-Патом (Nakhon Pathom) ауруханасында ем қабылдап жатқан 73 жастағы Тайланд азаматшасынан анықталған. Бұл туралы ҚазАқпарат Bangkok Post-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Вирус жұқтырған әйел өткен жылдың соңында Қытайдың Ухань қаласынан оралған соң ауырған. Ол Нахон Патхомда емделіп жүрген. Денсаулық сақтау органының өкілдері оның коронавирустың жаңа штаммын жұқтырғанын растады.

Тайландата жаңа коронавирус инфекциясын жұқтырған төрт жағдай тіркелген. Пневмония үш қытайлық турист пен бір Тайланд азаматшасынан анықталған.

Вирус жұқтырған қытайлық туристің біреуі жазылып, үйіне қайтарылғанын ауруды бақылау жөніндегі департамент сәрсенбі күні хабарлады.

Департамент директоры Софон Ямситхаворнның (Sophon Iamsirithavorn) айтуынша, 13 қаңтар күні 74 жастағы қытайлық Тайландтқа Уханнан келген.

Әйел Нонтхабури провинциясының Бамраснарадурдағы Инфекциялық аурулар институтында емделіп, Қытайға, үйіне оралған.

Денсаулық сақтау министрлігі вирус таралуының алдын алу үшін қажетті шараларды жасауда.

Бұған дейін Қытайда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны 440 адамға жеткені және осы аурудан тоғыз адамның көз жұмғаны хабарланған болатын.



Басты сөздер: Қытай, Медицина, Оқиға,
Жоғары қарай