Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 376.84
EUR 407.97
RUB 5.91
CNY 53.80

Қытайда тараған вирусқа байланысты Алматы әуежайында жолаушылар жіті тексеріліп жатыр

2020 жылдың 17 қаңтар 2020 14:15

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Қытайдағы қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты қандай шаралар қолданылып жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Департаменттің мәліметінші, 2012 жылдың қыркүйегінде Таяу Шығыс елдерінде жаңа вирустық инфекциялық ауру, белгілері пневмонияға ұқсайтын коронавирус анықталған. Бұл жұқпалы аурудың қаупі - оны емдейтін арнайы препараттың болмауы. Осыған байланысты өлім деңгейі 50%-дан асады. Бұл инфекция адамға ауа арқылы жұғады. Бұған дейін мұндай жағдайлар Сауд Арабиясы, Франция, Германия, Иордания, Ұлыбритания және Оңтүстік Кореяда тіркелген.

2015 жылы коронавирустық инфекция Оңтүстік Кореядан шықты. Аталмыш инфекцияны жұқтырғандардың саны 108 адамнан асты.

2020 жылдың қаңтар айынан бастап Қытайда пневмонияға ұқсайтын 44 жағдай тіркелді. 11 науқастың жағдайы ауыр. Екі адам қайтыс болды. Бүгін қытай эпидемиологтары белгісіз пневмонияның себебін - коронавирустың жаңа түрін анықтады.

Қытайдағы коронавирустық инфекцияның эпидемиологиялық жағдайына байланысты Алматы қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мынадай алдын алу шараларын қабылдады:

– Алматы халықаралық әуежайындағы санитарлық бақылау пункті жолаушылардың дене қызуын тепловизор арқылы тексереді.

– Сақтық шаралары да қарастырылған. Медициналық-профилактикалық және зертханалық қызметтермен қамтамасыз етілді. Бәрі дайын.

– ҚазАқпаратқа Қытайда белгісіз пневмонияның тіркелуі туралы ақпарат жіберілді, оның алдын алу бойынша ұсыныстар берілді;

«Коронавирус инфекциясы тіркелген қолайсыз эпидемиологиялық жағдайы бар елдерге баратын азаматтар аурудың алдын алу шараларын қолдануы тиіс. Адам аурудың алғашқы белгілерін байқаса шұғыл медициналық көмекке жүгінуі тиіс», - деп атап өтті департаменттегілер.

Сонымен қатар, жұқпалы ауру белгілері бар адамдармен тығыз байланыста болудан (жөтел, түшкіру) аулақ болу керек.

Мамандардың айтуынша, коронавирустың 40-қа жуық түрі бар. Оның зияны адамдарға, иттер мен мысықтарға, сонымен қатар ірі қара мал, доңыз бен құстарға тиеді. Инфекция тыныс алу жолдарын, жүйке жүйесі мен асқазан-ішек жолдарын зақымдайды.


Фото: fr.readkong.com

Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Қытай, Алматы, Медицина,
Жоғары қарай