Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Қытайда ұсталған қазақстандық бойжеткен консулдық есепте болмаған - ҚР СІМ

2019 жылдың 11 наурыз 2019 16:48

АСТАНА. ҚазАқпарат - Есірткі заттарын сақтау және тарату күдігімен Қытайда ұсталған қазақстандық бойжеткен консулдық есепте болмаған. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетсек, бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігі Қытайда Қазақстан азаматшасы Юлия Ходеваның ұсталғанын хабарлаған болатын.

«Үстіміздегі жылдың 27 ақпанында Қытай Халық Республикасының құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасының азаматы Юлия Ходеваны ұстаған болатын. Ол есірткі заттарын сақтау және тарату күдігімен тұтқындалған. Қазіргі таңда Қытай азаматы оның адвокаты ретінде жалданып, әке-шешесімен байланыс орнатылды. Біздің Шанхайдағы бас консулдық бұл мәселені бірінші күннен бастап бақылауына алды. Аптаның соңына дейін біздің консул уақытша оқшаулағышқа барып, Юлиямен кездесуді жоспарлап отыр», - дейді Айбек Смадияров ҚР СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуына қарағанда, ҚР СІМ мәліметіне сәйкес Юлия Ходева консулдық есепте тұрмаған.

«Сондықтан, біздің консулдық қызметтегілер оның бар-жоқтығын білмеген. Ол сол жақта 6 жыл оқып жүріпті. Бітіруге 2-3 ай ғана қалған. Сол себепті, шетелде жүрген барлық қазақстандық студенттерге айтарым: міндетті түрде консулдық мекемелерге барып, консулдық тіркеуге тұру керек», - дейді Айбек Смадияров.

ҚР СІМ ресми өкілі атап өткендей, ұсталған азаматтың әке-шешесіне бірнеше адвокат ұсынылған. Соның біреуін жалдап, бүгін адвокат Юлиямен бірінші рет кездескен.

Жоғары қарай