Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 376.43
EUR 407.11
RUB 5.76
CNY 53.55

Қытайда жаңа вирусты жұқтырғандар саны күрт артты

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 09:56

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайда коронавирусты жұқтырған тағы 259 адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қытайдың Орталық телеарнасына (CCTV) сілтеме жасап.

CCTV мәліметі бойынша, соңғы тәулікте 27 провинцияда (аудан, қалалар) 259 адам вирус жұқтырып, 8 адам қаза болды.

«23 қаңтар сағат 24:00-дегі жағдай бойынша, 29 провинцияда (аудан, қалалар) жаңа коронавирусты барлығы 830 адам жұқтырғаны расталып, өліммен аяқталған 25 оқиға тіркелді», - делінген Қытайдың Денсаулық сақтау және гигиена бойынша ұлттық комиссиясының хабарламасында.

Жаңа коронавирусқа Гонконгта - 2, Макаода - 2 және Тайваньда 1 адам шалдыққаны зертханалық жағдайда расталды.

Сонымен қатар, Таиланд (3), Жапония (1), Оңтүстік Корея (1), АҚШ (1), Вьетнам (2) және Сингапурде (1) инфекцияны жұқтырған тоғыз науқас тіркелді.

Сырқаттармен байланыста болған барлығы 9507 адам оқшауландырылды: олардың 1087-і ауруханадан шығарылды, ал 8420-ы әлі де карантинде.


Басты сөздер: Әлем, Қытай,
Жоғары қарай