Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 376.84
EUR 407.97
RUB 5.91
CNY 53.80

Қытайда жол опырылып түсті: 10 адам жым-жылас жоғалды, 15-сі жарақаттанған

2020 жылдың 14 қаңтар 2020 08:22

СИНИН. Синьхуа-ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Қытайдың солтүстік-батысындағы Цинхай провинциясында жолдың опырылып түсуі салдарынан 10 адам жым-жылас жоғалып, 15 адам жарақаттанды, құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Синьхуа.

Оқиға дүйсенбі күні сағат 17:30 шамасында болған. Провинцияның әкімшілік орталығы - Санин қаласындағы Наньдацзе көшесінде жолдың бір бөлігі опырылып түскен. Автобус шұңқырға құлап, жарылған, деп хабарлады жергілікті билік өкілдері.

Наньдацзе көшесі - үздіксіз қозғалыс болып тұратын қаланың негізгі магистралі. Құтқарушылар із-түзсіз жоғалып кеткендерді әлі іздестіріп жатыр.

Қалалық төтенше жағдайларды басқару департаментінің мәліметі бойынша, зардап шеккендер ем қабылдап жатыр және жағдайлары ауыр емес.

фото: russian.news.cn


Басты сөздер: Көлік, Оқиға, Қытай,
Жоғары қарай