Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Қытайға неліктен Президент емес, Елбасы барды - Дәурен Абаевтың пікірі

2019 жылдың 2 мамыр 2019 23:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қытайда өткен «Бір белдеу, бір жол» ІІ Халықаралық ынтымақтастық форумына іс басындағы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнына неліктен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барғанына қатысты пікірін білдірді.

«Ең алдымен, Нұрсұлтан Назарбаев Бейжіңге «Бір белдеу, бір жол» форумының құрметті қонағы және Қытай көшбасшысы Си Цзиньпиннің досы ретінде шақырылғанын айта кеткім келеді. Өзіңіз білетіндей, ескі достыққа деген құрметті көрсету - Қытай билеушілерінің ежелгі дәстүрі. Бұған қоса, ең бірінші рет «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы туралы Си Цзиньпин Қазақстанға келгенде сөз қозғаған болатын. Елбасының басшылығындағы біздің ел - әрдайым осы бастаманың іске асырылуында жетекші рөлге ие болып келеді. Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғарғы «Достық» орденімен марапатталғанын атап өткім келеді. Шетелдік көшбасшылардың ішінде ол орденмен тек Ресей басшысы Владимир Путин ғана марапатталған болатын», - деді Дәурен Абаев «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасы барысында.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев «Бір белдеу, бір жол» ІІ Халықаралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Қытай Халық Республикасына барған болатын.

Елбасы шараның салтанатты ашылуы барысында сөйлеген сөзінде «Бір белдеу, бір жол» бастамасының алғашқы әрі табысты жетістіктерін атап өтті.

Сондай-ақ аталмыш бастама арқылы Еуразия құрлығы қайта бірігіп, екі мың жыл бұрынғыдай бір арнаға тоғысқанын айтты.

Ал форум сессиясында Елбасы қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлерге төтеп берудің жолдары туралы сөз сөйлеп, жаңа геосаяси ахуалдың «Үш Д» үлгісін ұсынды.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының «Достық» Орденімен марапатталды.

Жоғары қарай