Ауа райы
Астана -21 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Қытайлық тараппен Қазақстанның транзиттік-көлік әлеуетін дамыту келешегі талқыланды

2019 жылдың 22 қыркүйек 2019 18:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қытай парламентінің басшысы Ли Чжаньшуге АХҚО-ны таныстыру шарасына қатысты, деп хабарлайды primeminister.kz.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының (БХӨЖ) Тұрақты комитетінің Төрағасы Ли Чжаньшумен «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) алаңында кездесті.





Үкімет басшысы Қытай парламентінің басшысымен «Нұрлы жол» қазақстандық бағдарламасын және «Бір белдеу - Бір жол» қытай бастамасын қосарлау аясындағы ынтымақтастықтың одан арғы перспективаларын, оның ішінде Қазақстанның транзиттік-көлік әлеуетін дамыту келешегін талқылады.

АХҚО басқарушысы Қ. Келімбетов ҚР Премьер-Министрі мен БХӨЖ ТК төрағасын «Бір белдеу - Бір жол» бастамасы аясындағы АХҚО жұмысымен, сондай-ақ АХҚО Биржасының, Соты мен Халықаралық арбитраж орталығының дамуымен таныстырды.





«АХҚО – Қазақстанның ірі жобаларының бірі. Ол аймақтағы жетекші қаржы орталығына айналуы тиіс», - деді А.Мамин өз сөзінде.

ҚХР атынан АХҚО-ға қатысушы – Қытай Құрылыс банкінің, Шанхай қор биржасының, «СИТИК Секьюритиз» компаниясының, Қытай Мемлекеттік даму банкінің өкілдері АХҚО алаңындағы қазақстандық-қытай ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективалары туралы, оның ішінде қытай юаньімен операциялар жүргізу үшін Есептеу-клиринг орталығын құру жайлы айтып берді.


Басты сөздер: Қытай, ҚР Премьер-Министрі,
Жоғары қарай