Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Қызметкерін тепкен Арқалық қаласының полиция бастығы қызметінен шеттетілді

2019 жылдың 2 қыркүйек 2019 18:25

АРҚАЛЫҚ. ҚазАқпарат – Қоластындағы қызметкерін тепкен Арқалық қаласы полиция басқармасының бастығы жұмыстан шеттетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Facebook қолданушысы Серік Төлекбаев жариялаған видеода Арқалық қаласы полиция басқармасы бастығы Жеңіс Ахметовтің қызметкерін тепкен сәті таспаға түсіп қалған. Серік Төлекбаевтың жазуынша, басшы тарапынан жасалған мұндай өрескел қылық бұған дейін де болған.


Қостанай облысы полиция басқармасы бастығының БАҚ-пен байланыс жөніндегі кеңесшісі Елена Кашарина аталмыш видеоға қатысты түсінік берді.

«Қазір Арқалық қаласы полиция басқармасының бастығы Жеңіс Ахметовке қатысты қызметтік тергеу жүріп жатыр. Қостанай облысы полиция департаменті басшысының бұйрығымен Ж.Ахметов қызметінен шеттетілді. Оқиғаның мән-жайын анықтауға ПД бастығының кадр жұмысы жөніндегі орынбасары басқарған қызметкерлер тобы жұмылдырылды»,- деді Е. Кашарина.



Жоғары қарай