Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Қызылорда облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2019 жылдың 3 қыркүйек 2019 17:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қызылорда облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

4-6 қыркүйекте Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады. 5-6 қыркүйекте кей жерлерде шаңды дауыл соғып, бұршақ жауады.

4 қыркүйек таңертең және күндіз, 5-6 қыркүйек күндері батыстан жел соғып, оның бағыты солтүстікке ауысады және жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. 5-6 қыркүйекте оның екпіні 23-28 м/с болады.


Жоғары қарай