Ауа райы
Нұр-Сұлтан 25 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
CNY 55.05

Қызылорда облысында көктайғақтан зардап шеккен 7 адам ауруханаға түсті

2019 жылдың 30 қаңтар 2019 20:55 784

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында көктайғақтан зардап шеккен 70 адам ауруханаға жүгінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қаласы мен Арал, Қазалы аудандарында көктайғақ салдарынан жарақат алып, жергілікті емдеу орындарына хабарласқан адамдар бар. 
«Қызылорда қаласында бүгін 64 адам емдеу орындарына хабарласып, олардың 5-і ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ, емдеу орындарына хабарласқан Аралда 5 адамның 1-і, Қазалыда 1 адам медицина мекемелеріне жатқызылды», - деді Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұржамал Тұрсынбаева. 

Қызылорда қаласы көшелерін көктайғақтан тазарту жұмыстары қолға алынды. Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің хабарлауынша, қала көшелерін және жаяу жүргіншілер жолдарын мұздан тазалау мақсатында сағат 9.30-дан бастап «Қызылорда тазалығы» мекемесіне қарасты арнайы көліктер арқылы 180 тонна құм мен тұз аралас қоспа себілген. 



null 

null

Қызылорда қалалық білім бөлімі ауа райының қолайсыздығы салдарынан 30 қаңтар күнгі екінші ауысымдағы  оқушылар сабағы өткізілмейтінін хабарлады. Аталмыш сабақ кестесі алдағы сенбі күнге ауыстырылған. Бүгін таңертең Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, республикалық «Самара-Шымкент» жолының  Қызылорда мен Байқоңыр аралығындағы бөлігі жабылды.  

Естеріңізге сала кетелік, ауа райы қолайсыздығына байланысты Қызылорда қаласынан Қарағанды облысына дейінгі аралықта көлік қозғалысы шектелді.

Жоғары қарай