Ауа райы
Нұр-Сұлтан 13 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Қызылорда облысында тікұшақ апатқа ұшырады

2019 жылдың 27 наурыз 2019 20:44 1502

 НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«27наурыз күні сағат 17:35 кезінде «112» пультіне Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағының апатқа ұшырағаны туралы хабарлама келіп түсті. Тікұшақ анықталмаған себептер бойынша құлап, толығымен өртеніп кетті», - делінген комитеттің хабарламасында.

Аталмыш әуе кемесі ҚР Қорғаныс министрлігіне тиесілі екені анықталып отыр. Қазіргі уақытта апаттың мән-жайы анықталу үстінде.

 

 

Жоғары қарай