Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Қызылорда облысының екі басқармасына жаңа басшылар келді

2019 жылдың 9 қыркүйек 2019 20:51

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында екі басқармаға жаңадан басшылар тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімінің өкімімен Нәби Тоқмырзаұлы Даужанов Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Н. Даужанов 1964 жылы туған. Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтының Қызылорда облысы бойынша филиалын және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, сондай-ақ Мәскеу ғылыми-зерттеу, жобалық-конструкторлық, технологиялық бетон және темірбетон институтының аспирантурасын бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.

Еңбек жолын Жалағаш ауданы Аққұм кеңшарында құрылыс бригадасының жұмысшысы ретінде бастаған. Одан кейін Мәскеу ғылыми-зерттеу, жобалық-конструкторлық, технологиялық бетон және темірбетон институтының ғылыми қызметкері, Қызылорда политехникалық институтының аға оқытушысы, ақпараттық-есептеу орталығының бастығы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми қызметкері, факультет деканы, проректоры, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры болды. 2019 жылдың тамыз айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі лауазымында қызмет атқарды.

Сондай-ақ, Қамбарбек Амангелдіұлы Мүбараков Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Қ.Мүбараков 1973 жылы туған. Қызылорда политехникалық институты мен Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген, «экономист-менеджер» және «заңгер» біліктілігі бар. Еңбек жолын Жаңақорған ауданы Өзгент ауылындағы қырманда қарапайым жұмысшы болып бастаған. 1997 жылдан бастап Қызылорда қаласы бойынша салық комитетінде, Шиелі ауданы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары, Жаңақорған ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы, Қызылорда облысы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары, Шиелі ауданы әкімінің орынбасары болған. Ал 2011-2018 жылдарда Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы қызметін атқарды.


Жоғары қарай