Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 376.43
EUR 407.11
RUB 5.76
CNY 53.55

Қызылордада ақбөкен атқан «Охотзоопром» қызметкерлері қолға түсті

2020 жылдың 18 қаңтар 2020 17:34

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында ақбөкен атып, полиция қызметкерлерінен бой тасалап кетуге әрекет жасаған «Охотзоопром» ӨБ РМҚК 2 қызметкері мен көлік жүргізушісі қолға түсті. Олардың жүк салғышынан ақбөкеннің еті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш оқиға Қармақшы ауданы аумағындағы Тышқантамда болған. Полиция қызметкерлері сол маңайда «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізген болатын. Олардың назарын «Ланд Крузер ЛХ76» маркалы қызметтік автокөлігі аударған. Оны тексерген кезде артқы бамперде қан іздері байқалды. Полиция қызметкерлері жүргізушіден жүк салғышты ашуды талап еткен. Сол сәтте автокөлік жүргізушісі мен «Охотзоопром» ӨБ РМҚК 2 қызметкері полицей талабына бағынудан бас тартқан. Осылайша оқиға орнынан бой тасалаған. Полиция қызметкерлері олардың артынан жүре отырып «Охотзоопром» тұрағында қолға түсірді.




«Автокөлікті тексеру барысында салонынан 1 дана тегіс ұңғылы қару, пышақ және прожектор табылды. Олар заттай дәлелдеме ретінде алынды. Ал автокөліктің артқы жүк салғышынан бір ақбөкенге ұқсас жануардың тұтастай еті табылды. Ұсталғандардың бірі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ал қалғанына бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі шешілуде. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 2-бөлігінің 2,4-тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Жоғары қарай