Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 447.60
EUR 489.41
RUB 5.71
CNY 63.05

Қызылордада ашылатын шыны зауытында жылына 197 мың тонна өнім өндіріледі

2020 жылдың 21 ақпан 2020 15:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Быиыл шілде айында Қызылордада шыны зауыты өз жұмысын бастайды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шыны зауыты бойынша жұмыстар ерекше бақылауда. Мердігер компания «Чайна триумф» мамыр айында құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтайды. Маусымда пешті қыздырып, шілде айынан бастап зауыт іске қосылады,- деді Б. Жаханов Парламент Сенатында.

Әкім орынбасарының айтуынша, зауыт жылына 197 мың тонна шыны өндіретін болады.

«Зауыт жұмысына 260 адам жұмылдырылады. Жұмысқа отандық мамандарды кеңінен тарту үшін өңірден 400 түлек ресейлік грантқа ие болып, бүгінде білім алып жатыр», - деді ол.

Өз кезегінде Сенат төрағасы Дариға Назарбаева жаңадан ашылатын зауытта отандық мамандардың тартылуын алға тартты.

Айта кетсек, бүгін ҚР Парламенті Сенатында алғаш рет «Өңірлер күні» жоспары аясында Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған отырыс өтті.


Жоғары қарай