Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Қызылордада ауыр атлетикадан Қазақстан біріншілігі басталды

2019 жылдың 26 наурыз 2019 21:16

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда қаласындағы «Евразия» спорт кешенінде 20 жасқа дейінгі жастар арасында ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 233 спортшы қатысуда. Олар 20 салмақ санатында жүлделерді сарапқа салады: 10-ы - ұлдар, 10-ы қыздар арасында.

Жарыстың салтанатты ашылуында облыс əкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, ҚР ауыр атлетика федерациясының спорт жөніндегі аға менеджері Мұхан Басханбаев сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Бүгінгі күннің өзінде бірқатар салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар анықталды. Мәселен, Ақмола облысынан келген Айым Мұхаметжанова (45 келі), Диана Серебрякова (49 келі), Диана Жүсіпбекова (55 келі), шығысқазақстандық Елизавета Белоусова қыздар арасында алтын медальге ие болды. Ал ұлдар арасында Батыс Қазақстан облысынан келген Рүстем Уоашев (55 келі), қызылордалық Азамат тілеген (61 келі) чемпиондық тұғырға көтерілді.

Ел чемпионаты 30 наурыз күні аяқталады. Жарыс нəтижесінде биыл 1-8 маусым аралығында Фидижи мемлекетінің Сува қаласында өтетін әлем чемпионатына баратын спортшылар іріктеледі.

Жоғары қарай