Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Қызылордада белгілі өнерпаздар оқушылармен кездесті

2019 жылдың 14 қыркүйек 2019 05:27

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада Сыр өңіріне белгілі өнерпаздар №136 мектеп-лицейінде өткен «Сыр елі салған сара жол» тақырыбында дөңгелек үстелге қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш игі шараТұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылды. Оны өткізуге Қызылорда қалалық білім бөлімі, Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейі ұжымы және облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы ұйытқы болды.

Дөңгелек үстел шарасына қатысушы қонақтар алдымен мектептегі Темірбек Жүргенов мұражайын аралап, «Ежелгі Сыр еліне саяхат» көрмесін тамашалады. Одан кейін дөңгелек үстел шарасы өткізілді. Онда айтыскер Мұхтар Ниязов, белгілі жырау Серік Жақсығұлов қазақтың жыраулық өнерінің бүгіні мен ертеңі туралы сөз етті.

«Биыл мектеп-лицейде шахмат сыныбының ашылды. Шахмат үйірмесіне 2-11 сынып оқушылары қатыса алады. Оқушылардың бойында ұлттық сананы, әдет-ғұрыпты, мәдени дәстүрлерді берік сақтай отырып, жалпы адамзаттық құндылықтарды дарыту- біздің басты мақсатымыз. Сондай-ақ, өз өлкеміздің ұлттық өнерін насихаттау арқылы оқушылардың бойына болашаққа деген сенімді қалыптастыруға әбден болады. Сондықтан бұл шара өскелең ұрпақ пен аға буын арасында берік көпір орнатудың негіз болды деп айтуға толық негіз бар», - дейді мектеп ұжымы.


Жоғары қарай