Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Қызылордада соңғы тіркелген 8 адам коронавирус инфекциясын қайдан жұқтырды

2020 жылдың 10 сәуір 2020 00:43

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - 9 сәуірде Қызылорда облысында коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған соңғы сегіз науқастың оны қайдан жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олардың алтауы Сырдария ауданынан тіркелсе, екеуі Қызылорда қаласында тұрады. Жас шамасы бойынша ең үлкені 1970 жылы дүниеге келген ер адам болса, ең жасы 2002 жылғы қыз бала. Барлығы бұдан бұрын коронавирус инфекциясымен ауырған адаммен қарым-қатынаста болған.

«Қазір облыста аталған диагноз қойылған 100 адам бар. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда. Бүгінгі күнге дейін жүргізілген эпидзерттеу нәтижесі бойынша науқастармен байланыста болған 1174 азамат анықталды. Оның ішінде тығыз қарым-қатынаста болғандар саны – 585, ықтимал қарым-қатынаста болғандар саны – 589 адам. Стационарларда медициналық бақылауға 545 адам алынды, үй жағдайындағы бақылаудағылардың саны – 629 адам», - деп мәлім етті Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті.

9 сәуірдегі жағдай бойынша аймақта коронавирус инфекциясына шалдыққан 100 адам анықталды. Оның ішінде Қызылорда қаласында – 12 жағдай тіркелсе, аудандар бойынша Жаңақорғанда -16, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 52, Сырдарияда - 14, Аралда – 2 жағдай орын алды.

Бұдан бұрын Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған жүкті әйел аман-есен босанғандығы хабарланды.


Жоғары қарай