Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 376.72
EUR 408.67
RUB 5.76
CNY 53.68

Қызылордада бұрынғы күйеуін өлтіруге жендет жалдаған әйелге үкім шықты

2020 жылдың 22 қаңтар 2020 20:23

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада бұрынғы күйеуін өлтіру мақсатында «киллер» жалдаған әйелге қатысты сот үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш оқиға өткен жылдың шілде айында болған .

Әйел бұл мақсатта Түркістан облысы тұрғынына тапсырыс береді. Әлгі адам бұрын сотты болған, бұрынғы күйеуінің цехында жұмыс істеген. Әйел оған қызметі үшін 20 мың АҚШ долларын беретінін айтады.

Кәсіпкер күйеуі әйелімен ажырасқаннан кейін баспана, нан және тігін цехы құрылғыларын, автокран мен жеңіл автокөлігін әйелінің атына аударып берген. Басты сот талқылауында ол сотталушыға барынша жеңіл жаза беруін сұрады.

Ал 4 балалы әйелдің қылмыстық пиғылын әшкерелеу мақсатында Түркістан облысының тұрғыны облыстық полиция департаментіне арызданған. Дереу сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тиісті шаралар қолға алынды. Осылайша арыз берген азамат арнайы кісі өлтіруші ретінде белгіленді. Тапсырыс беруішінің талабымен «киллер» жәбірленушіні «өлтіргені» жайлы оқиғаны дәлелдеу үшін имитация жасайды. Жәбірленуші өлтірген әрекетін көрсетеді. Жәбірленушінің үстіне қан жағып, пышақ пен оған тиесілі басқа да заттарын ұялы телефонға түсіреді. Бұл фотосуретті тапсырыс берген әйелге жіберген.

«Қылмыстық пиғылы толығымен орындалғанына көзі жеткен соң тапсырыс берген әйел қалтасынан 10 мың теңге шығарып, оны «киллер» қызметін атқарған адамға жолақы ретінде береді. Ал бұрынғы күйеуінің атына тіркелген мүліктер балаларына мұра болып өткеннен кейін еңбекақысын беретінін айтады. Бас сот талқылауында сотталушы тағылған айыпты мойындаған жоқ. Сот үкімімен сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 1-бөлігі, 28-бабының 4-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігінің 8)-тармағымен кінәлі деп танылып, ол 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды», - деп мәлім етті Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.


Жоғары қарай