Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 388.96
EUR 432.21
RUB 6.09
CNY 54.99

Қызылордада Елбасы туралы көрмені 130 мыңнан астам адам тамашалады

2019 жылдың 14 маусым 2019 16:57

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі көрме жобасының жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрменің жабылу салтанатына Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен студент жастар, мәдениет саласының қызметкерлері қатысты.


null

Қызылорда жұртшылығының назарына Елбасы кітапханасының архив, кітапхана, музей қорларының материалдары, Н.Ә.Назарбаевтың жоғары мемлекеттік марапаттарының бірегей жинағы, мемлекет басшылары және қазақстандық авторлар тарту еткен қолтаңбасы бар кітаптар, сонымен қатар Н. Назарбаевтың басқа тілдерге аударылған еңбектері ұсынылды.


null

Көрменің басты мақсаты - Елбасы Н.Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы рөлін көрсету, Елбасының сарабдал саясатының арқасында жүзеге асқан жас мемлекетіміздің әлем алдында беделінің артуын жан-жақты насихаттау.

Аталмыш көшпелі көрме жобасы аясында «Рухани жаңғыру» орталығында музей саласының мамандарымен «Музей саласындағы ақпараттандыру» атты семинар, «Ашық кеңістік» форматында «Елбасы кітапханасының ақпараттық ресурстары» атты аймақтық кәсіби сессиясы өткізілді. Сондай-ақ, Шиелі, Қармақшы аудандары тұрғындары үшін «Тұңғыш» экскурсиялық тұжырымдамасының аясында «Тарихи таңдау» ғылыми-экспозициялық жобасының көшпелі экскурсиясы ұйымдастырылды. Ғылыми-білім беру және мәдени-ағарту шаралары негізінде Байқоңыр қаласындағы №277 мектеп-лицейінде қала тұрғындары және студенттер, оқушылармен кездесу өткізіліп, Қызылорда облысының жас суретшілерінің ерекше туындылар топтамасынан көрме ұйымдастырылды.


null

Елбасы кітапханасы ұсынған «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі қор көрмесін екі ай мерзімде 130 мыңнан аса адам тамашалады. Келушілер арасында шетелдіктер де болды.

Көрме Сыр жұртшылығының ықыласына бөленіп, келушілер ризашылықтарын білдірді. Сонымен қатар, келушілер көрменің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, экспозициялардың заманауи интерактивті технологиялармен жабдықталғанын, экскурсия жүргізушілердің материалды әсерлі әрі қызықты баяндағанын атап өтті. Аталмыш көрме өңірдің мәдени өміріне ерекше серпіліс берді.


null

Жоғары қарай