Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Қызылордада қатты желдің әсерінен бірнеше ауыл жарықсыз қалды

2020 жылдың 24 наурыз 2020 16:56

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында қатты желдің әсерінен бірнеше ауыл жарықсыз қалды. Бірнеше әлеуметтік нысанның шатыры ұшып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық жұмылдыру басқармасына сілтеме жасап.

Алғашқысы Жаңақорған ауданында орын алды. Бүгін,24 наурызда сағат 11.30 шамасында Шалқия кентіндегі №86 орта мектебінің шатыры ұшқан. Шатырдың зақымданған ауданы 350-400 шаршы метрді құрайды.

«Сондай-ақ, кенттің 2 электр бағанасы кұлаған. Нәтижесінде Шалқия кенті, Қыраш, Қосүйеңкі, Бірлік, Құттықожа және Екпінді елді мекендерінің электрмен жарығымен жабдықталуы тоқтатылды. Адам шығындары мен зардап шеккендер жоқ. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Ал тағы бір оқиға Жалағаш ауданында болды. Қатты желдің әсерінен аудан орталығындағы мәдениет үйінің шатыры ұшып кеткен. Бұл 12 сағат 30 минут шамасында орын алды. Шатардың 230 шаршы метр аумағына зиян келді. Адам шығын мен зардап шеккендер жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық жұмылдыру басқармасы.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті 25 наурызда секундына 15-28 метрге дейін жел соғатынын хабарлады.

Бұдан бұрын Қызылордада университет ғимаратының шатыры ұшып кеткенін хабарлаған едік.


Жоғары қарай